Джошуа супер ауыр салмақта 41 қарсыласын сұлатқан нокаутшымен жұдырықтаспақ

10 желтоқсан 2019 16:58
© AKboxing
Супер ауыр салмақта WBA, WBO, IBF және IBO чемпионы Энтони Джошуа (23–1, 21 KO) осы дивизиондағы ең мықты боксшылармен жұдырықтасуға дайын, - деп хабарлайды Вoxingnews.com.ua.

Британиялық боксшы WBC титулына ие Деонтей Уайлдер (42–0–1, 41 KO) мен әлемнің бұрынғы чемпионы Тайсон Фьюриді (29–0–1, 20 KO) жеңетініне сенімді. 

"Жүгіруден чемпион емеспін ғой, мен ең мықтылармен жұдырықасқым келеді. Бұл жігіттер - Деонтей Уайлдер мен Тайсон Фьюри. Оларды жеңуге мүмкіндік берсе деймін. Бұған сенемін. Оларды жеңудің жолын білемін, өйткені боксқа келгендемен түрлі дағды көрсете аламын", - дейді Джошуа. 

"Ақталғым келмейді". Руис қарымтада Джошуадан жеңілу себебін ашық айтты

Еске салайық, 8 желтоқсан түнде Сауд Арабиясында өткен жекпе-жекте Джошуа қарымта жекпе-жекте Руисті төрешілер шешімімен жеңіп, ең ауыр салмақта WBO, IBF, WBA және IBO белбеуін қайтарды.