DAZN оқырмандардан Головкиннің болашақ қарсыласы жайлы пікірін білді

©Тұрар Қазанғапов

DAZN стримингтік сервисі әлеуметтік желіде оқырмандарынан Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (38-0, 30 КО) арасындағы айқас жайлы пікірін білді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бокс сүйер қауымның басым бөлігі аталмыш жекпе-жектің өтуін қолдаған. Оның үстіне Сауль Альварестің отандасы осыған дейін Головкинмен кездескісі келетіндігін бірнеше рет айтқан еді.

Еске салайық, Хайме Мунгия орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын бірнеше рет қорғаған болатын. Өткен жылы боксшы 160 фунтқа ауысты.

Геннадий Головкин кәсіпқой рингтегі соңғы айқасын 2020 жылдың желтоқсан айында өткізді. Жерлесіміз поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутпен жеңді. Енді GGG жапониялық WBA "суперчемпионы" Риота Муратамен осы жылдың сәуір айында кездесуі тиіс.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар