DAZN "Канелоны" сабайтын боксшы іздеп жатыр

© Sopitas.com
Екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) жекпе-жекке келісімге келді деген ақпаратқа қатысты жауа берді.

Жекпе-жек 2 мамыр Лас-Вегаста екінші орта салмақ лимитінде өтеді делінген. 

"Канеломен" келісім туралы қауесет маған да жеткен, бірақ, бұл сөзді оың лагері таратып жатыр. Қазір нақты мүмкіндіктерді талқылап жатырмыз. Альвареске мен немесе Каллум Смит қарсылас болатын шығар. Телекомпанияларға танымал біреу қажет, Джошуа мен Энди Руис қарымтасы қандай табысты болғанын қараңыз.

ал егер біреу "Канелоны" жеңсе, қарымта DAZN, промоутерлер мен боксшыларға қанша табыс әкелетінін ойлаңыз. Қазір DAZN Саульді жеңетін адам іздеп жатыр. Мен немесе Каллум осы рольге жақсы келеміз. Жаттығып жатырмын және үш апта бұрын айтса да дайынмын", - деп келтіреді Сондерстің сөзін IFL TV.
Жаңалықтар