DAZN "Канелоға" әзіл-қалжыңы аралас сауал тастады

©isport

DAZN стримингтік сервисі өз жанкүйерлерінен жуырда спорттық карьреасында екінші рет жеңілген Сауль "Канело" Альвареске келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізу керектігін сұрады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Таңдауда Головкин мен Биволдың есімдері жазылған. 

""Канело" келесі айқасын кіммен өткізеді?", - деген сұрақ қойды стримингтік сервис.

Еске салайық, "Канело" титулды айқасында ресейлік Дмитрий Биволға ұпай санымен есе жіберді. Ал Головкинмен екі рет қолғап түйістіріп, алғашында тең түссе, екінші кездесуінде жеңіске жеткен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар