DAZN Головкиннің 100 миллион долларға келісімшартын қайта қарап жатыр

Сурет: Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) және DAZN стриминг қызметі бұрынғы келісімшартты қайта қарастыру бойынша келіссөз жүргізіп жатыр,- деп хабарлайды The Athletic.

Келісімшарт бойынша Головкин алты кездесу үшін 100 миллион доллар алу керек еді. Қазақстандық енді үш жекпе-жек өткізу ғана қалды. Алайда DAZN өкілдері боксшыдан келісім әр жекпе-жек үшін 15 миллион доллар кепілді гонорар төленетін тұсты қайта қарауын сұрады. 

The Athletic инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, тараптар келісімге келге жақын.

"Дереккөздердің хабарлауынша, Головкин мен DAZN келісімге келуге жақын және Камил Шереметамен жекпе-жектен бастап жаңа шарттар күшіне енбек. Кездесу 18 желтоқсанда Флоридада өтуі мүмкін. DAZN қазақстандық боксшыдан гонорарын қысқартуды сұраған. Алты жекпе-жектің әрқайсынан ол 15 миллион доллар гонорар алуы керек болатын", - деп жазды Коппинджер Twitter желісінде.

Головкин  рингке кейінгі рет 2019 жыл қазанда Нью-Йоркте (АҚШ) шығып, украиналық Сергей Деревянченконы төрешілер шешмімен жеңген. Осы кездесудің андеркартында Шеремета мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа түсірген.