"DAZN-дегі дебюттен де айтулы оқиға". Головкинге өзге промоутер не үшін қажет екені анықталды

© championat.com
Boxingscene.com журналисті Джейк Донован қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен британиялық промоутер Эдди Хирннің (Matchroom Boxing) серіктестігі туралы ақпаратқа пікірін білдірді.

"Хирннің қатысуы қазіргі келіссіөздерге (Головкиннің Деревянченкомен) еш әсер етпейді. Алайда мәлімет көздерінің ақпаратынша, бұл GGG-дің DAZN-дегі дебютінен де айтулы оқиға боларына сенім бар.

Былай айтқанда, Головкиннің маусымдағы кеші іш пыстырды. Енді қазақстандық нокаутшы өз карьерасын толық өз қолына алмақ. сонымен бірге, инвент пен андеркартты да өзі қадағалайды. Ал Деревянченконың ісін жүргізетін Роллс Лу ДиБеллеге бірнеше орын ғана берілді.

Хирн сияқты жоғары санаттағы промоутерді тарту маусымдағы оқиғаның қйталуына жол бермейді", - деп жазыпты автор. 

Қазақстандық боксшы мен британиялық промоутердің серіктестігі туралы осы аптада Головкин - Деревянченко жекпе-жегіне қатысты Нью-Йоркте өтетін баспасөз мәслихатында айтылады деп күтілуде. 

Хирн 2018 жылы DAZN стриминг қызметімен сегіз жылдық келісімшартқа отырды, ол бойынша промоутер 32 бокс кешін өткізуі тиіс. Ал наурызда платформаға Голвкин де қосылды.