"Даңқ залына енетін шығар, бірақ...". Промоутер Головкин карьерасының кері тұсын атады

30 қыркүйек 2019 10:01
© DAZN
Украиналық боксшы Сергей Деревянченконың промоутері (13-1, 10 КО) Лу ДиБелланың пікірінше, Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жектен кейін оның шәкірті өз дивизионының жаңа жұлдызы атанады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"5 қазанда Madison Square Garden аренасында Сергей Деревянченко орта салмақтың жаңа супержұлдызы атанады. Головкин әлемдегі үздік боксшылардың бірі екенін білеміз. Орта салмақта жалғыз өзі чемпион болды, Геннадий Бокс даңқы залының мүшесі болатын шығар. Бірақ карьерасының қазіргі кезеңінде жасарып, жылдамдығын арттырып, мықтырақ болып жатқан жоқ.

Әлемдік деңгейдегі кез келген үміткер Головкин үшін үлкен қауіп. Мұндай боксшылар аз, бірақ, Сергей Деревянченко солардың бірі. Ол Madison Square Garden аренасына бокс әлемін таңғалдыру үшін шығады", - дейді ДиБелла.

Айта кетейік, Головкин - Деревянченко жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йоркте өтеді. Боксшылар IBF және IBO титулдарын сарапқа салады.