Чемпиондық жекпе-жек. "Канело" Альвареске ресми түрде қарсылас белгіленді

Сурет: Fightnews.info
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және түркиялық Авни Йылдырым (21-2, 12 КО) екінші орта салмақта бос тұрған WBC титулы үшін жұдырықтасады.

Қазіргі таңда Альваресте орта салмақта WBA (Super) және екінші орта дивизионда WBA (Regular) белбеулері бар. Сонымен қоса, оның орта салмақта жеңіліп қалса да айырылмайтын WBC (Franchise) титулы бар.

"WBC басқару кеңесі дауыс беру қорытындысы нәтижесі 36-1 болды, осылайша, бірнеше салмақта чемпион Сауль Альварес және WBC титулына міндетті үміткер Йылдырым арасындағы жекпе-жекке тапсырыс беріледі. Егжей-тегжейі алдағы күндері айтылады", - делінген ұйым мәлімдемесінде. 
Жаңалықтар