"Бұрынғыдан да мықтымын". Қанат Ислам күтпеген жерден Головкиннің салмағына ауысты

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) орта дивизионда жұдырықтасатын болады. Бұл туралы боксшының өзі рингке оралуына байланысты ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты кезінде айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Басқа салмаққа өту туралы шешім қабылдап, енді орта дивизионда жұдырықтасатын боламын. Ұзақ үзіліс болды, алайда, бұрынғыдан күштірек болып оралып отырмын", - дейді Ислам.

Ислам 5 шілде Алматыда WBO Inter-Continental белбеуі үшін жұдырықтасады. Бұл бокс кешінің андеркартында тағы бір қазастандық - бірінші орта салмақта жеңілмеген боксшы Мадияр Әшкеев (12-0, 6 КО) те рингке шығады.

"Қарсыласым WBO рейтингінің ТОП-10 тізімінен. Әзірге есімі белгісіз, бірақ, мен дайынмын. Менеджерім келіссөздер жүргізіп жатыр. Басты мақсатым - WBO желісі бойынша белбеу жеңіп алу. Үлкен жекпе-жектерге дайынмын және осы бағыттағы бірінші қадам Алматыдағы жекпе-жек. Өзімді жақсы сезінемін және әлі талай жұдырықтасамын", - дейді Қанат Ислам. 

Еске салайық, Қанат Ислам үшін ұзақ үзілістен кейінгі рингке оралу болады. Боксшы соңғы рет 2017 жылдың 9 қыркүйегінде жұдырықтасқан, ол кезде алғашқы орта салмақта WBO NABO және WBA-NABA белбеулері үшін Астанада канадалық Брэндон Кукты (20-2, 13 КО) нокаутқа түсірген.

Келесі жекпе-жек 23 маусым Лос-Анджелеске белгіленген еді, алайда, қазақстандық аяғын жарақаттап алған болатын. Олдан кейін емнің дұрыс жүрмеуіне байланысты жарақт асқынып кетіп, боксшы осы көктемде ғана сауықты.
Жаңалықтар