Бұрынғы әлем чемпионын жеңген қазақ нокаутшы келесі жекпе-жегін белгіледі

© Eye of the Tiger Management
Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) желтоқсан айы Монреальда келесі жекпе-жегін өткізеді. Vesti.kz тілшісіне бұл туралы боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады.

28 жастағы қазақстандық жаттығу лагерін қараша айында Мәскеуде бастайды.

Батыр 26 қыркүйек Канадада өткен соңғы жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионы Мигель Васкесті (41-8, 15 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, екінші деңгейлі WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулерін иеленді.

Осы жеңіс арқасында қазақстандық BoxRec рейтингінде 24-ші орыннан 19-ға көтерілді.