Біржақты шешім. Америкалық сарапшы Әлімханұлының айқасы немен бітерін анық айтты

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Nyfights.com порталының шолушысы Райан О'Хара қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 KO) мен британиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 KO) айқасына болжамын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылар 13 қараша Лас-Вегаста Жәнібекке тиесілі WBO титулын сарапқа салады. 

"Әлімханұлы - ақылды, қарсыласын қысымға алып отыратын, жылдам, джебы мықты және рингте IQ бар жігіт. Солақай болғандықтан қарсыласына күтпеген соққы жасайды. 

Бентли солақайлармен ешқашан жұдырықтасқан емес. Ал енді мына таныстық оған ауыр тиеді. Ол ринг шетінде қорғанғанда артқа қойған аяғын іске қоспайды, тіке артқа жүріп, қолын кеудесіне түсіріп алады. Ал солақайдың алдында артқа тіке жүру - кешірілмес қателік. Енді оның алдында жәй солақай боксшы емес, мықтылардың бірі болады. Бентли қаупті жағдайда", - деп жазыпты О'Хара өз материалында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport