Бір соққымен. Халықаралық бокс қауымдастығы қазақ боксшының нокаутына тамсанды

© Reuters

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) қазақстандық боксшы Асыланбек Шымбергеновтің Белградтағы (Сербия) әлем чемпионатында жасаған нокаутына тамсанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

71 келі салмақтың 1/8 финалдық кездесуінде Шымбергенов үшінші раундта германиялық Магомед Шахидовты нокаутқа түсірген еді.

AIBA Instagram желісіндегі парақшасында осы нокауттың видеосын жариялап: "Мықты оң қол тиді" деп жазыпты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport