Бокстан Қазақстан чемпионатына тікелей трансляция

Сурет: boxing2019.com

Бүгін, 23 қараша Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионаты басталады,- деп хабарлайды Vesti.kz.

29-шы қарашаға дейін өтетін турнирде ұлттық команда көшбасшылары өнер көрсетеді. Ерлермен қатар әйелдер командасы да рингке шығады. 

Жекпе-жектерді Qazsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция телеарнаның сайтында қолжетімді. 1/16 финал кездесулері сағат 15:25-те басталады.