Бокстан әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасының тізімі аталды

Қайрат Ерәлиев. Сурет: ҚБФ
Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев әлем чемпионатына қатысатын боксшыларды атады, -  деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнир 8-22 қыркүйек аралығында Екатеринбургте (Ресей) және Олимпиада бағдарламасына кіргізілген сегіз салмақта алғаш рет өткізіледі:

Бокстан Қазақстан құрамасының тізімі:
Сәкен Бибосынов (52 келі), Қайрат Ерәлиев (57 келі), Зәкір Сафиуллин (63 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі): Тұрсынбай Құлахмет (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левит (91 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (91+)

Құрамамен баратын бапкерлер: бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев, аға бапкер Марат Жакиев, сонымен қатар, Мырзағали Айтжанов, Жамил Жүсіпов және Марат Манашев.

Турнирге барлығы 91 елден 488 спортшы қатысады, бұл әлем чемпионатын өткізудегі рекорд.
Метки:
Жаңалықтар