Бокс аңызы "Канело" - Головкин айқасына батыл болжам жасады

©Reuters

Мексикалық бокс аңызы Хулио Сезар Чавес отандасы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) пен Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы Marca басылымына сілтеме жасап.

Чавестің сөзінше, "Канелоға" Головкинмен айқас ауырға түседі, алайда, бұл жолы Альварес нокаутпен жеңіске жетеді екен. Алдыңғы екі жекпе-жекте Сауль мұндай жасай алмаса да - біріншісі тең аяқталып, екіншісінде мексикалық төрешілердің бөлек шешімімен үстем түскен еді. 

"Канело" Головкин туралы ойын ашық айтты

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport