Бивол "Канелоның" абсолют чемпион атағын тартып алуға дайын

©Matchroom Boxing

Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың (20-0, 11 КО) менеджері Вадим Корнилов мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) қарымта жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Матч ТВ".

Биволдың командасы қарымта үшін боксшының басқа салмаққа өтуін қарастыруға дайын. Альварес - Бивол арасындағы бірінші айқас жартылай ауыр двивизион - 79 келіде өткен, ал енді ресейлік боксшы мексикалық абсолют чемпион болып келетін 76 келіге түсуге дайын екен. 

"Ол жартылай ауыр салмақта реванш өткземін деп отырғанын естідік, бірақ, суперорта дивизионға түсуді талап ететін шығар деп те отырмыз. Мұны талқылауға дайынбыз, бізді бұл да қызықтырып отыр. 

Егер көбірек титул сарапқа салынса, бұл Биволды ынталандыра түседі. Диманы абсолют чемпион атану қатты жігерліндіретінін білемін", - дейді Корнилов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport