Билли Джо Сондерс Головкиннің жеңісіне қатысты мәлімдеме жасады

© boxingnewsonline.net
Екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (28-0, 13 КО) канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) жеңгеннен кейін қазақстандық Геннадий Головкинді (39-1-1, 34 КО) жекпе-жекке кезекті рет шақырды.

8 маусым Нью-Йоркте Головкин DAZN стриминг қызметіндегі дебютті жекпе-жегінің төртінші раундында қарсыласын нокаутпен жеңді. Роллс үшін бұл карьерасындағы және нокаутпен алғашқы жеңілісі.

Сондерстің сөзінше, қазақстандық мұндай қарсыластармен жұдырықтасуды қою керек екен.

"Геннадий Головкин, әлсіз қарсыластармен жұдырықтасқанды қой. DAZN, сендерге GGG-мен жекпе-жекке лайықты боксшы керек болса, мен дайынмын. MTK Global, Фрэнк Уоррен, осы кездесуді ұйымдастырыңдаршы", - деп жазыпты Сондерс "Твиттер" желісінде және  #БигДрамаШоуЕмес хэштегін қосқан.




Сондерс пен Головкиннің командалары қазақстандық орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF белбеулерінің иегері болғанда тараптар бірнеше рет келіссөздер жүргізген. Алайда сол күйі келісімге келе алмады. Ал қазанда британиялық допинг дауына байланысты белбеуінен айрылды.

Головкиннің өзі мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жекке мүдделі.