Белбеуге үміткерді нокаутқа түсірген чемпион келесі қарсылас ретінде Головкинді таңдады

©DAZN

Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) ирландиялық Джейсон Куиглиді (19-2, 14 KO) жеңгеннен кейін, алда кіммен жұдырықтасқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-та өткен кездесу екінші раундта нокаутпен аяқталды.

Жеңіске жеткен чемпион келесі жекпе-жегінде Хайме Мунгиямен (38-0, 30 КО), Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) - Риота Мурата (16-2, 13 КО) жекпе-жегінің жеңімпазы немесе жеңілгенімен жұдырықтасқысы келеді. Сонымен қоса, Андраде әлі күнге дейін өзіне үлкен жекпе-жек бермей келе жатқанына наразылығын білдірді. 

Еске салайық, Головкин мен Мурата айқасы 29 желтоқсан Токиода өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар