Бекзат Нұрдәулетов өзбекстандық боксшыны анық жеңіп Ресейдегі турнирдің жартылай финалына шықты

Сурет: Данияр Майлыбаев

81 келіде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Санкт-Петербургта өтіп жатқан губернатор кубогының ширек финалында өзбекстандық Дильшод Рузметовты төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Боксшылар 2019 жылы Екатеринбургте өткен әлем чемпионатында да жұдырықтасқан. Ол кезде Бекзат қарсыласын финалда жеңген.

Жартылай финалға өзге де қазақстандық боксшылар шықты. Осылайша, 60 келіде Бекнұр Ожанов үндістандық Вариндер Сингхтен басым болды, ал 69 келіде Асланбек Шымбергенов тайландтық Вутичай Масукпен айқаста жеңіске жетті. 

Жаңалықтар