"Бәрін жасадым". Мурата Головкинді неге жеңе алмағанын айтты

©DAZN

Риота Мурата (16-3, 13 КО) Геннадий Головкинді (42-1-1, 37 КО) неге жеңе алмағанын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Денеден жасаған соққыларым Головкинге әсер етіп жатыр деп ойладым. Техника жағынан ол менен үстем. Мұны жекпе-жек барысында толық түсіндім. Менің шабуылдарымды ол дистанцияны ауыстыру арқылы нәтижесіз қылып тастады. Салдарынан дұрыс шабуылдай да алмадым. 

Оның үстіне джеб және алыстан ұрған хукпен қорғанысымды бұзып отырды. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым, бар максимумды көрсеттім деп ойлаймын. Головкин әр тараптан ұрып, соққыларының дәлдігін паш етті", - деп береді Муратаның сөзін Fightnews.info.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар