"Барлық белбеуді...". Әлімханұлы Головкинмен айқасқа қатысты нақты ойын айтты

©ESPN

Орта салмақта WBO "уақытша" чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) WBA Super, IBF және IBO белбеулеріне ие отандасы Геннадий Головкинмен жекпе-жек туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Британиялық Дэнни Дигнумды нокаутқа түсіріп, титул жеңіп алған Жәнібекке GGG-мен айқас туралы сұрақ қойылды. 

- Головкин мексикалық бокс стилін көрсетіп жүр, ал сен - қазақ стилін. Онымен жекпе-жек өткізгің келе ме?

- Бұл қазақ дәстүрінде емес - ағалармен жұдырықтасу. Головкин жоғары дивизионға өтеді деген үміттемін, өйткені мен орта салмақтағы барлық белбеуді жинап алмақ ниеттемін, - деді Әлімханұлы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport