Бәрі бас тартты. Top Rank Жәінбек Әлімханұлына қарсылас таппай отыр

Боксшының командасы ұсынған сурет
Top Rank прмоутерлері қазақстандық Жәнібек Әлімхаұлының (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегіне қарсылас іздеуде қиындыққа тап болды, - деп хабарлайды ESPN.

Мұның алдында орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global титулдарына ие қазақ боксшы 28 наурыз Квебекте жекпе-жекке шығатыны хабарланған еді. Бұл бокс кешінің басты кезедсуінде жартылай ауыр салмақта IBF және WBC чемпионы ресейлік Артур Бетербиев (15-0, 15 КО) қытайлық Мэн Фаньлунмен (16-0, 10 КО) жұдырықтасады.

Промоутерлер бірнеше боксшыға байланысқа шыққан екен, оның ішінде канадалық Стив Роллс (20-1, 11 КО) бар. Алайда олардың бәрі жекпе-жектен бас тартқан.

Еске салайық, былтыр Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Роллс қазақстандық Геннадий Головкиннен (40-1-1, 35 КО) нокаутпен жеңілген. Қаңтарда Роллс Торонтодағы бокс кешінде Жилберту Перейро Дос Сантостан (16-11, 12 КО) басым түстіі. Бір қызығы 2017 жылы Алматыда бразилиялық боксшыны Әлімханұлы да төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Ал Жәнібек кейінгі рет рингке 10 қараша АҚШ-тың Фресно қаласында шығып, канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсірген.