Әйгілі Флойд Мейвезердің қызы әйел адамды пышақтап тастаған

Сурет: NBC News
Бокстан бас салмақта бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезердің қызы Айяннаны АҚШ-та полиция қамауға алды, - деп хабарлайды РИА Новости. 19  жастағы бойжеткен пышақпен әйел адамға шабуыл жасаған деген күдікке ілінді.

Полицияның зардап шегушіден алған түсініктемесі бойынша, Айянна Мейвезер рэпер YoungBoy-дің үйіне барып, оның сүйіктісі Лапаттра Лашай Джейкобспен жанжалдасып қалған. Екеу ара ұрсысып ас үйге кіргенде Мейвезердің қызы Джейкобске пышақ салған. Алайда Лапаттра еш ауырсынбаған екен, осы кезде Айянна басқа пышақты алып, тағы жұмсаған.

Оқиға орнына жедел жәрдем келгенде Джейкобс еденде жатқан. Ол ауруханаға жеткізілді, ал Мейвезер Техас штатындағы Харрис округінің түрмесіне қамалды.