Айдос Ербосынұлының жекпе-жегіне тікелей трансляция

©instagram.com/yerbossynuly_aidos

6 қараша күні АҚШ-тың Миннеаполисінде екінші орта салмақта WBA Regular атағы үшін қазақстандық Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) мен кубалық Давид Моррел (7-0, 6 КО) қолғап түйістіреді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ербосыныұлы соңғы рет рингтке 2021 жылдың қыркүйегінде гайаналық Леннокс Алленмен (22-2-1, 14 КО) шығып, 10-раундта нокаутпен жеңіске жеткен еді. Давид Моррел болса биылғы жылдың маусым айында америкалық Келвин Хендерсонды (15-2-1, 11 КО) төртінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Жекпе-жекті "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінен таңғы сағат 8.00-ден бастап тамашалай аласыздар.

Айта кетейік, дәл сол күні Оберхаузендегі бокс кешінде тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері бағын сынайды. Алты раундқа жоспарланған айқаста Абылайхан Жүсіп америкалық Демаркус Лейтонмен (8-3-1, 5 КО) қолғап түйістіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар