Айдос Ербосынұлы WBO рейтингінде үш саты төмендеді

©instagram.com/yerbossynuly_aidos/

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBO) жаңартылған рейтингінде Айдос Ербосынұлының (16-0, 11 КО) қай орынға жайғасқаны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қазақстандық былғары қолғап шебері 12-орыннан 15-орынға түсіп қалған. Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) болса екінші орнын сақтап қалды. Бұл дивизионда британиялық Зак Паркер (22-0, 16 КО) көш бастап тұрса, үздік үштікті оның отандасы Джон Райдер (31-5, 17 КО) түйіндеді.

Еске салайық, Ербосынұлы соңғы рет ринг төріне өткен жылдың күз айында шыққан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар