"Айда да, су астында да сабаймын". Әлімханұлы Головкин салмағындағы чемпионды жекпе-жекке шақырды

© Top Rank
Орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global белбеулеріне ие Жәнібек Әлімханулы (8-0, 4 КО) осы дивизионда WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен (28-0, 17 КО) жұдырықтасқысы келетінін кезекті рет мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Кеше де дайын едім, ертең де дайын боламын. Оны оңай жеңетініме күмәнданбаңыздар. Оны айда да, тіпті су астында да сабаймын. Жақында болады деген үміттемін, өйткені маған чемпиондық белбеуім керек. Қазір WBO рейтингінде алтыншымын. Жанкүйерлер осы жекпе-жекке лайықты. Ұйымдастырайық", - деп жазыпты боксшы Instagram желісінде.






Жаңалықтар