Ауыр нокаутқа түскен Ербосынұлына қатысты алаңдатарлық хабар жетті

©Showtime

SibbieBoxing YouTube арнасының авторы кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) нокаутқа түскен Айдос Ербосынұлын (16-1, 11 КО) рингтен зембілге салып алып кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Суперорта салмақта WBA World белбеуі үшін 12 раундты айқас АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өтті. Моррел алдымен Айдосты есеңгіретті де, 12-раундта ауыр нокаутқа түсірді

Ербосынұлы мен кубалық чемпион айқасындағы ауыр нокауттың видеосы

"Ербосынұлын рингтен зембілге салып алып кеткенін хабарлап жатыр, 12-раунд пен нокаут алаңдатып отыр. Бәрі жақсы деп үміттенемін", - деп жазыпты ол. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар