Әшкеев WBC жүйесіндегі белбеу үшін 21 жеңісі бар амеркиалықпен жұдырықтасады

© Main Events Boxing
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев (13-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін 9 қараша Калифорния штатындағы Гавайан Гарденс қаласында өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

31 жастағы қазақ боксшы 33 жастағы жергілікті Клеотис Пендарвиспен (21-5-2, 9 КО) кездесу өткізеді. Он раундқа есептелген жекпе-жек жеңімпазы бірінші орта салмақта WBC тұжырымындағы АҚШ чемпионы (USNBC) атанады. 

Мадияр соңғы рет 5 шілде Алматыда жұдырықтасып, жетінші раундта украиналық Игорь Фаниянның (16-21-3, 8 КО) қабағы жарылғандықтан төрешілердің техникалық шешімімен жеңген. 

Ал Пендарвис мұның алдындағы кездесуінде Абель Санчесте жаттығатын украиналық Сергей Богачуктен (15-0, 15 КО) жеңілген.
Жаңалықтар