Америкалық боксшы Головкин-"Канело" кездесуіне болжам жасады

©Reuters

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін америкалық боксшы Верджил Ортис супер орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес үшінші кездесуде қазақстандық Геннадий Головкинді қайта жеңетініне сенімді, деп жазады fightnews.info порталы.

Үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде болады. 

"Бұл кездесу туралы көп нәрсе айта алмаймын. Менің ойымша, "Канело" жеңеді. Олар екі рет кездесті. Бірінші кездесу тең болды деп ойлаймын. Мен бұл туралы Twitter парақшамда төрешілердің шешімі шыққанға дейін жаздым. 

Екінші кездесуде "Канело" жеңді. Енді үшінші кездесуде де ол жеңіске жетеді", - деді Ортис. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport