"Альварес Мессиді көрсе нокаутқа түсіреді". Фьюри футболшы мен боксшының дауына қатысты

1 желтоқсан 2022 17:40
©instagram.com/tysonfury

Супер ауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюри аргентиналық Лионель Месси мен мексикалық былғары қолғап шебері Сауль "Канело" Альварес арасындағы дауға қатысты ойын білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Мен Мессидің Мексика жейдесін қалай тепкенін көрдім. Ал "Канело" болса оның тісін сындырам дейді. Өзге елдің туын олай қорлауға болмайды. Егер Сауль аргентиналықты көрсе соққының астына алар еді. Нокаутқа түсірер еді", - дейді Фьюри Pro Boxing Fans YouTube арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Қатардағы әлем чемпионатында Аргентина мен Мексика матчінен кейін киім ауыстыру бөлмесінде Мессидің аяғының астында Мексика құрамасының жейдесі жатқан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport