Альварес Головкинмен айқас алдында бапкерінен бас тартты

©Matchroom

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек алдында командасындағы екі бапкерді ауыстырды, деп хабарлайды Mundo Deportivo басылымы.

Ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілістен кейін мексикалық жұлдыздың командасында айтарлықтай өзгеріс болған. Мәселен "Канелоның" физикалық дайындығы бойынша бапкері Мунир Сомойя қызметінен кетті. Сонымен қоса, Эдди Рейносоның оң қолы болып жүрген Замир Лозано да мексикалықтың командасынан кетеді екен. 

Головкин - Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланған. Бұл айқас Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар