Әлімханұлының чемпионмен айқасына қатысты тың дерек шықты

©vRINGe.com

WBO ұйымы чемпион Деметриус Андрадені (31-0, 19 КО) Жәнібек Әлімханұлымен (12-0, 8 КО) жекпе-жекке міндеттеген болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тараптар 30 күн ішінде келісімге келу керек. Егер боксшылардың командалары келісімге келе алмаса, онда кемі 200 000 доллар межесінен бастап промоутерлік сауда белгіленеді. 

Ал Андраде қандай да бір себеппен айқаспайтын болса, онда Жәнібек WBO ұйымының толыққанды чемпионы дәрежесіне көтеріледі. 

WBA Әлімханұлын нокаутпен жеңіс үшін "жазалап" отыр

Бір қызығы енді Андраденің ісімен промоутер Эдди Хирн (Matchroom Boxing) айналыспайды. Оларда әлі де бір жекпе-жекке келісімдері болғанымен, мәмілені ертерек үзіпті. 

Енді WBO ұйымының хаты бойынша, америкалық чемпионынның жаңа промоутері Дмитрий Салита (Salita Promotions) екен.

Айта кетейік, әу баста Андраденің Әлімханұлымен жұдырықтасуына бірінші болып қарсы шыққан осы Эдди Хирн еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport