Әлімханұлының андеркардында екі қазақ боксшы жұдырықтасады

©olympic.kz. Жеңіс Ысқабай

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) алдағы кездесуінің андеркардында жұдырықтасатын екі боксшы анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Әлімханұлы келесі кездесуін 21 мамыр күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өткізеді. Оның қарсыласы ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) болады. Бұл кездесуде WBО ұйымының "уақытша" чемпиондық атағы сарапқа салынады. 

Ал аталған бокс кешінің андеркардында екі қазақ боксшысы жұдырықтасады. Олар - 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл және үш дүркін әлем чемпионатының қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов. 

Әбілхан үшін бұл кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуі болса, Жүсіпов екінші айқасын өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport