Әлімханұлы міндетті қорғауын қашан өткізетіні айтылды

©twitter.com/qazaqstyle

Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) орта салмақтағы WBO чемпионы атағын қараша айында қорғайды. Бұл туралы ESPN арнасы хабарлап отыр. 

Қазіргі таңда Top Rank промоутерлік компаниясы Әлімханұлына қарсылас іздеуге кірісіп кеткен. 

Мұның алдында промоутерлік компания міндетті қорғауға қатысты мәлімдеме жасаған болатын.

Еске салайық, Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) екінші орта дивизионға көтеріліп кеткеннен кейін WBO Жәнібекті толыққанды чемпион деп жариялаған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport