Әлімханұлы Головкиннің "Канелодан" жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады

20 қыркүйек 2022 07:22
©Top Rank

Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) отандасы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (58-2-2, 39 КО) жекпе-жегінен кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz. 

WBO чемпионы GGG-ді қолдау үшін Лас-Вегасқа барған болатын.

"Біз бармыз, ағайын! Qazaq style бар! Еңселеріңізді түсірмеңіздер! Әлемдік аренада талай мықтыларды құлатып, көк туды желбіретеміз, бұйыртса!

Біз ешкімнен қорықпаймыз! Бізден қорқады! Біз қауіпті қарсыласпыз! Бокстағы менмін деп жүргендер бізбен шықпас үшін әлі талай сылтау айтады!

Біз өз жолымызды салдық! Өз стилімізді жаһанға көрсеттік! Орта салмақтың чемпионы болдық!

Бұйыртса қараша айында алғаш рет чемпиондық титулымызды қорғаймыз! Жеңісті күнде жолығайық!" - деп жазыпты Жәнібек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар