AIBA өзі ұйымдастыратын турнирлерге Ресейді қатыстырмайтын болды

©AIBA

Халықаралық бокс федерациясы (AIBA) Ресей мен Беларусь боксшыларына халықаралық турнирлерге қатысуға тиым салды. Бұл туралы ұйым өзінің ресми сайтында хабарлады. 

AIBA Халықаралық Олимпиада комитетінің ұсынысын қабыл алып, ресейлік және беларусь боксшыларын, ресми өкілдерін, төрешілерін барлық турнирден шеттетті. 

Егер жуық арада өтетін турнирлерде бұл елдердің өкілдерін алмастырып үлгере алмаса, Ресей мен Беларусь өкілдері бейтарап спортшы ретінде қатысады. 

Сонымен қатар, AIBA ХОК ұсынысынан кейін биыл Ресей мен Беларусь елінде өтуі керек барлық турнирлердің болмайтынын мәлімдеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар