"Әбден сабағам". Әйгілі Мейвезер "Канелоны" еске алды

7 желтоқсан 2021 06:43
©sports.ru

Кәсіпқой бокстан бес салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы Флойд Мейвезер мексикалық Сауль Альварес жайлы ойын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Альвареске тоқталатын болсам, ол қазір кіммен қолғап түйістіргісі келетінін өзі шешеді. Қазіргі таңда барлығы оны қолпаштап жүр. Елдің аузында жүрген спортшы. Алайда ол кезінде ешкім емес еді. "Канелоны" жеңгенде одан шамамен 40 жасқа үлкен едім. Әбден сабағам", - дейді америкалық былғары қолғап шебері.

Еске салайық, қос алып 2013 жылы рингте айқасып, төрешілер шешімі бойынша Мейвезер жеңіске жетті.

2021 жылдың маусым айында Флойд Мейвезер блогер Логан Полмен жұдырықтасты. Сегіз раундқа жоспарланған кездесу қорытындысы бойынша әділ-қазылар жеңімпазды анықтай алмады. Ал Альварес болса келесі кездесуін WBC белбеуінің иегері Илунга Макабумен өткізуді жоспарлап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар