41 нокауты бар америкалықты жеңген чемпион әлемді тағы бір дүр сілкіндірмек

© Fightnews.info
Супер ауыр салмақта WBC чемпионы британиялық Тайсон Фьюридің (29-0-1, 20 KO) промоутері Фрэнк Уоррен қарымта жекпе-жекті шегеру үшін америкалық Деонтей Уайлдерге (42-1-1, 41 КО) ақша беруге дайын, - деп хабарлайды Independent.

"Бірден Джошуаға шыққым келеді, бірақ, Уайлдермен қарымта туралы шарт бар. Уайлдерге күте тұру үшін ақы төлеуге дайынбыз. Алайда ол өзінің таңдауында. 

Ол үшін ұтымды ұсыныс. Дегенмен оның менеджерімен тілдескенімде Деонтей келесі жекпе-жекте Тайсонды нокаутқа түсіретініне сенімді екен. Ал мен бұған сенбеймін. Фьюри Уайлдердің сағын сындыратынын екінші кездесу алдында да білгенмін. Егер Деонтей қарымтаны талап етсе, оны ұйымдастырумен айналысамыз. 

Джошуамен жыл соңына дейін жекпе-жек ұйымдастырғым келеді. Джошуа басқа біреуден жеңіліп қалмай тұрып", - дейді Уоррен. 

Айта кетейік, британиялық Энтони Джошуа (22-1, 21 КО) WBA (Super), WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпион. WBC титулына ие Тайсон Фьюри мен Джошуа жекпе-жегі өткен жағдайда, бұл кездесу жеңімпазы супер ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанады.