27 жеңісі бар аргентиналықтан басым түскен қазақстандық боксшы WBC жүйесіндегі титулын қорғап қалды

17 желтоқсан 2019 09:34
Виктор Коточигов. © Vesti.kz, Тұрар Қазанғапов
Жеңіл салмақта WBC International белбеуінің иесі Виктор Коточигов аргентиналық Хавьер Хосе Клавьерді жеңіп, белбеуін сақтап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Алматыда MTK Global кеші аясында өтті. Кездесу он раундқа созылды. Жекпе-жек судьялардың бірауыз шешімімен аяқталды.

Бұл 26 жастағы Виктор Коточиговтің кәсіпқой бокстағы 11 кездесуінің 11-жеңісі болды.
Жаңалықтар