"Хьюстон Астрос" клубының бейсболшысы Коллин Макхью матч кезінде "Матрица" фильміндегі жалпыға белгілі көріністі қайталады, - деп хабарлайды
Eurosport.
Ойыншы қарсыласы ұрған допты, әйгілі фильмдегі Неоны сомдаған Киану Ривз оқ дарытпаған сәттегегідей өткізіп жіберді.
"Хьюстонның" ресми твиттер желісі видео құрастырып, жанкүйерлерге Макхью фильмдегі көрініске қаншалықты жақын болғанын салыстыруға ұсынды.
Оқиға "Хьюстон" мен "Окленд Атлетикс" арасындағы матчте болды. Макхью командасы 9:1 есебімен ұтты.
Жарнама