Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) кездесетін "Астана арландары" мен "Қытай айдаһарлары" арасындағы бокс кешінде жұдырықтастан боксшылардың тізімі белгілі болды, деп хабарлайды
Vesti.kz порталы.
"Астана арландары" мен "Қытай айдаһарлары" арасындағы кездесу 4 наурыз күні Атырау қаласында өтеді. Жекпе-жектен Астана уақытымен 18:00-де басталады.
49 келі: Теміртас Жүсіпов - Дзюньдзюнь Хэ
56 келі: Ілияс Сүлейменов - Лун Ван
64 келі: Ділмұрат Мижитов - Ян Лю
75 келі: Сапарбай Айдаров - Минган Жао
91 келі: Антон Пинчук -Сергей Новиков.
Айта кетейік, Қытай командасына қарсы "Астана арландары" биылғы жобадағы үшінші жекпе-жек болмақ. Бұған дейін елордалық клуб "Өзбек жолбарыстары" мен "Ресей патриоттары" командасымен кездесіп, жеңіске жеткен еді.
Жарнама