auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Өзбектерді жеңдік. Енді Қытай командасын тоқтатуымыз керек - Нұрлан Ақүрпеков

Өзбектерді жеңдік. Енді Қытай командасын тоқтатуымыз керек - Нұрлан Ақүрпеков
WSB жобасында өнер көрсететін "Астана арландар" клубының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков Vesti.kz порталының тілшісіне "Өзбек жолбарыстарына" қарсы өткен кездесуді қорытындылап, 4 наурыз күні Атырау қаласында "Қытай айдаһарларына" қарсы кездесуге команданың қалай дайындалып жатқанын айтып берді.

- Өзбекстан боксшыларына қарсы дайындық жақсы өтті. Сол үшін де "Астана" кәсіпқой Президенттік клубы мен "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорына алғысымды айтқым келеді. Жаттығу жасайтын жеріміз де, тұратын жеріміз де жақсы болды. Талдықорғандағы жекпе-жекке тоқталатын болсақ, өздеріңіз де көрдіңіздер, Өзбекстан бізге кіл мықты боксшыларын алып келді. Қарсыластарымыздың құрамында төрт Олимпиада ойындарына қатысқан боксшылар болды. Біздің барлық боксшыларымыз кімдерге қарсы шығатынын жақсы білді. Сондықтанда жақсы дайындалды. Бұл кездесу алдында біз боксшыларды біраз бақылап, соңында осы бес боксшыны таңдап алдық. 

Олжас Сәттібаев - тәжірибелі боксшы. Олимпиада ойындарында бағын сынады. Бұл салмаққа әбден төселіп қалған боксшы. Бірақ оның қарсыласы аса танымал емес. Тәжірибесі де аз. Сол себепті Олжас бұл жекпе-жекте оңай жеңіске жетті. 

60 келіде Зәкір Сафиуллинді таңдадық. Зәкір бұл жобада бірнеше кездесу өткізген. Оның қарсыласы өте қарымды болды. Муроджон Ахмадалиев Олимпиада ойындарының чемпионы. Бірақ бұл салмаққа енді ғана өтті. Бұл да өз рөлін ойнады. Өзбек боксшысы 60 келіге әлі үйренбегені көрінді. 

69 келіде Асланбек Шымбергенов Олимпиада ойындарының чемпионы Шахрам Гиясовқа қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жек Асланбек үшін қиын болды. Төртінші раундқа дейін жекпе-жек теңдей өтті. Ал бесінші раунда біздің боксшы жеңісті жұлып алды. 

Өзбектерге қарсы 81 келіде кім шығатынын ұзақ ойландық. Ұлттық құраманың бапкерлерімен де кеңестік. Сөйтіп таңдау Нұрдәулет Жармановқа түсті. Ол жылдам боксшылардың бірі. Аяғымен де жақсы жұмыс істейді. Қарсыласынан жылдамдығымен айласын асырады деген ой болды. Бірақ кездесудің бірінші раундында бүйірінен ауыр соққы өткізіп алды. Бұл кездесудің ары қарай өтуіне зор әсерін тигізді. 

- Ал ауыр салмаққа Ұлттық құрамадан Қамшыбаек Қоңқабаевты алдырдыңыздар. Қызылордалық боксшы сенімді толық ақтады ғой, иә?

- Әрине! Біздің команданың қатарында ол қосалқы құрамда болса да, біз Ұлттық құраманың бас бапкерінен Қамшыбекті жіберуді сұрадық. Құрама бапкері де бірден келісті. Қамшыбекке зор алғысымды білдіргім келеді. Ол Өзбекстанның бірінші нөмірлі боксшысымен жұдырықтасып, сенімді толық ақтады. Бес раунда бойынша ол қарсыласына еш мүмкінді бермеді. Барлығымыз да оның өнеріне көңіліміз толады. 

- "Арландар" келесі кездесуін наурызда Атырау қаласында Қытай командасына қарсы өткізеді. Дайындық қалай өтуде? Бұл кездесуге қатысатын боксшылардың таңдап үлгердіңіз бе?

- Қазір біз команданың бірнеше бапкерлерімен бірге Атырауға ұшып келдік. Жаттығулардың осы жерде жасайтын боламыз. Оның үстіне жергілікті бапкерлер Қытай командасына қарсы Атырау облысының екі боксшысы шықса екен деп өтініш жасап отыр. Біз оны алдағы уақытта қарастырамыз. Егер бұл өңірдің боксшылары дайын болса, біз шығаратын боламыз. Жалпы Қытай командасына қарсы шығатын боксшылардың әлі анықтаған жоқпыз. Әлі уақыт бар. Боксшылардың дайындығын бақылаймыз. Содан кейін барып бұл сұрақты шешеміз. 






Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама