"Нокаутпен жеңді". Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына шықты

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Түркияда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

48 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық боксшы жартылай финалда Болгария елінің өкілі Севда Асеноваға қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жектің алғашқы минутынан-ақ Балқыбекова басымдықты өз қолына алды. Сөйтіп бірінші раунд аяқталар тұста Алуаның бүйрден жасаған соққысынан кейін 37 жастағы Асенова кездесуді жалғастыра алмайтынын айтып, жекпе-жек тоқтатылды. Осылайша отандасымыз нокаутпен жеңіске жетті. 

Енді Алуа Балқыбекова әлем біріншілігінің финалында Түркия елінің боксшысы Айзе Чагирирге қарсы кездесу өткізеді. Бұл айқас 20 мамырға жоспарланған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар