"Екі жарыс күтіп тұр". Қайрат Сәтжанов ақпандағы жоспарды айтты

©olympic.kz

Қазақстандық боксшылар ақпан айында екі халықаралық жарысқа қатысады. Бұл туралы команда бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz

"Ақпан айында оқу-жаттығу жиындары өтеді. Ал 15 ақпаннан бастап біздегі жарыстар тізбегі басталады. Бір құрамды Бішкекте өтетін халықаралық турнирге жібереміз, ал екінші құрам Болгариядағы дәстүрлі "Странджа" турниріне қатысады. Әзірге елдегі төтенше жағдайға байланысты команда жиналған жоқ", - деді Қайрат Сәтжанов. 

Қазақстан бокстан Азия чемпионатына қатыспайды

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшылардың Ташкенттегі Азия чемпионатына қатыспайтыны белгілі болған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар