auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ел чемпионатында классиктерден кімдер топ жаруы мүмкін?

Ел чемпионатында классиктерден кімдер топ жаруы мүмкін?
Ақпан айының 26 мен наурыздың 1 аралығында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Жаңа олимпиялық циклге жаңа бапкерлермен қатар жаңа құрама жасақталады деген ойдамыз.

Енді сол жаңа құрамаға кіретін, жалпы ел чемпионатында топ жарады деген балуандар жайлы ой өрбітуді жөн көрдік. Алдымен 59 келіде белдесетін балуандарды тілге тиек етер болсақ, Кебіспаевтың жаңа салмаққа ауысуына байланысты жас балуандардың осы салмақтың тізгінін ұстауға мүмкіндіктері мол. Атап айтсақ, Ақтөбенің өрені Азия чемпионатының қола жүлдегері, Мейрамбек Айнағұлов осы салмақтың басты фавориті саналады. Мейрамбек Фрацияда өткен Гран-при турнирде ақтық айқасқа дейін жетіп, тек финалда сүрінген болатын. Дегенмен, Мейрамбектің мысын басатын балуандар жетерлік. Әскерилер арасында әлем чемпионы атанған Бағлан Жақаншаның мүмкіндігі жоғары екенін атап өту керек. Бағлан 2016 жылы Болат Тұрлыхановтың жүлдесі үшін Семейде өткен халықаралық турнирде небір сайыпқырандардың сағын сындырып, бас жүлдені еншілеген еді. Сол жарыста Мейрамбектен айласын асырған қырғыз балуаны Бағланның осал тұсын таба алмай әлек болған. Жаңа ереже де Бағланның оң жамбасына келеді. 2011 жылы жастар арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Жансерік Сәрсенбиев қазір нағыз бабында. Былтыр Таразда өткен ел чемпионатында үздік үштіктен көрінген Жансерік, биыл топ жаруды мақсат тұтатыны анық. Бұл балуандардың қатарына жаңадан ерлер сапына ауысқан Айдос Сұлтанғалиды қосуды жөн көрдім. Жастар арасында Азия чемпионатында ешкімге дес бермеген Айдос, күрес мамандары мен бапкерлердің назарына ерекше ілінген балуан. Ересектер арасында өтетін алғашқы жарысында бұл спортшыны үздік үштіктен көрінсе таң қалмаңыздар.

66 келіде өнер көрсететін балуандардың белдесулері тартысқа толы өтетініне ешкімнің күмәні жоқ. Әлбетте, бұл салмақтың басты фавориті әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері, Алмат Кебіспаев саналады. Кебіспаев осы салмаққа ауыса сала, Семейде өткен халықаралық турнирде топ жарған. Орда бұзар жасқа келген Алмат Кебіспаев енді осы салмақта атой салуды көздейді. Жоғарыда атап кеткенімдей, бұл салмақта сайыпқыран саңлақтар өте көп. Азия чемпионатының қола жүлдегері Демеу Жадыраевтың мелжемді балуан екені баршаға аян. 2015 жылғы әлем чемпионатынан кейін жарақат алып, біраз додалардан тыс қалған Демеу, Болат Тұрлыхановтың турнирінде ақтық айқасқа дейін оңай жетті. Ақтық айқаста Алмат Кебіспаев жолын бөгеген болатын. Жадыраев сол есесін осы Қазақстан чемпионатында қайтаруы ғажап емес. Дегенмен, 2014 жылы Қарағандыда өткен ел біріншілігінде қарсыластарын қоғадай жапырып, 66 келіде топ жарған, Азия чемпионатының күміс жүлдегері Асхат Жаңбыров та осы салмақтың мықтысы.Сол додада Асхат ақтық айқаста Алмат Кебіспаевтың мысын басқан еді. Арасында 71 келіде де өнер көрсетіп жүрген Жаңбыров, бұл додада 66 келінің тізгінін қолына алуды көздейді. Бұдан өзге әр жарыста үздіктер қатарынан көрініп жүрген Нұртай Нұрғалиевтің де аяқ алысы жаман емес. Жыл сайын ел чемпионатында да, халықаралық турнирлерде де үздіктер қатарынан көрінетін Нұртай осы жолы сол жетітігінен де жоғары нәтиже көрсетіп, топ жаруы мүмкін.



71 келі Олимпиялық салмақ болмаса да, бұл салмақта өнер көрсететін балуандарымыздың қарқыны жаман емес. 71 келі Қазақстан чемпионатында топ жарады деген балуандардың қатарына Азия чемпионы, тәжірибелі Дархан Баяхметовты, жақында ғана Парижде өткен Гран-при турнирде аса сәтті өнер көрсете алмаған Әбунасыр Өмірзақ пен Нұржан Надыровты қосуға болады.
75 келінің басты фавориті, әрине, әлем чемпионатының қола жүлдегері Досжан Картиков болып есептеледі. Дегенмен, Риодағы сәтсіздіктен кейін, Картиков жарыстардан мүлдем көрінген жоқ. Осы додада Досжан өз күресімен жанкүйерлерін қуантады деген ойдамыз. Сәйкесінше бұл салмақта түрлі додаларға түсіп, әдбен төселген, 2016 жылғы жастар арасында әлем чемпионы атанған Темірлан Шадукаевтың топ жаруға әлеуеті жеткілікті. Бақтияр Бейсейітов өзі жаттықтыратын бұл балуанның болашағынан зор үміт күтуге болады. Былтырғы ел чемпионатында Темірлан алдына тек Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Даниял Гаджиевті жіберіп, күмісті қанағат тұтқан. Бұдан бөлек, кеше ғана Парижде өткен Гран-при турнирде үздік үштіктен көрінген Мирас Баршылықов та үздіктер қатарынан табылады деген ойдамыз.

80 келіде әлемдік рейтингте 4 орында тұрған Асхат Ділмұхамедов бұл салмақтың басты фавориті ретінде есептелсе, Бакуде өткен Гран-при турнирдің қола жүлдегері Дәулет Жақсылықов Асхаттың басты қарсыласы болуы мүмкін. Одан бөлек, Дидар Керімбаев, Сұлтанбек Шалабаев сынды жас балуандардың да жүлделі орыннан көрінуге мүмкіндіктері аса жоғары.

85 келіде белдесетін балуандардың кездесулері де тартысқа толы болмақ. Егерде Азия чемпионы Нұрсұлтан Тұрсынов өнер көрсететін болса, Нұрсұлтанның басты қарсыластары және осы салмақта жүлделі орындардан Азамат Құстыбаев, Санжар Бағашар және Алхазур Оздиев сынды саңлақтар көріну мүмкін.

98 келі салмақ дәрежесіндеөнер көосететін балуандардың ішінен Азия чемпионы Ерулан Искаков, Жасұлан Нүсіпәлі, Алимхан Сыздықов сынды балуандарды тілге тиек етуге болады. Ал аса ауыр салмақта қандай балуанның жеңіс тұғырынан көріну мүмкін деген сұрақтың жауабын жарыс біткен соң ғана білетін шығармыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
1 қыркүйек 2023, 09:32
Күрес түрлері
©sport-rb.ru Даңқты күрес маманы көз жұмды

Жарнама

Жарнама