auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Борбан, Әзікей, Нәжікей. Моңғол күресінен рекорд орнатқан қазақ жігіттері

Борбан, Әзікей, Нәжікей. Моңғол күресінен рекорд орнатқан қазақ жігіттері
© tuvaonline.ru
Моңғолиядағы ең танымал спорт түрлерінің бірі Моңғолияның ұлттық күресі. Бұл елде ұлттық күрес балуаны олимпиада жүлдегеріненде артық сый құрметке ие болып жатады. Себебі бұл спортпен шұғылдану кез келген адамның қолынан келе бермейді. Тұла бойға біткен табиғи күш, жылдамдық, әдіс тәсіл, оған қоса дайындық барысындағы көп жылғы төккен тердің арқасында ғана жоғары жетістікке жетуге болады. Жәнеде бұл күресте салмақ айырмашылығы дейтін болмайды. Сондықтан да Моңғолдар бұл спортты тектілердің спорты деп атайды.

Балуандар сұмындық, аймақтық, мемлекеттік дәрежелі деп бөлінеді. Сұмындық дәрежелі балуан 32 немесе 64 балуаннан ағалап сұмындық піл атағын алса, аймақтық дәрежелі балуан 128 немесе 256 балуаннан ағалап аймақтық арыстан атағына ие болады. Ал мемлекеттік бауландар 512 немесе 1024 балуан қатысқан сайыстан 5 рет жығып Мемлекеттік лашын дәрежесіне қол жеткізсе, 9 рет жығып мемлекеттік арыстан атанады.

Барша Моңғолдардың көз айымына айналған бұл спорт түрімен шұғылданып ел алдында қазақ қандастарымыздың намысын қорғап жүрген балуандарымыз да қаншама. Өткен 80 жылда Бая-Өлгийдегі қандастарымыздың арасынан 7 мемлекеттік дәрежедегі, 180 ге жуық аймақтық дәрежедегі баулан атақ қорғаған екен.

Бұл спорт түрінен жалпы бір үйден екі балуан мемлекеттік дәрежеде балуан атануы өте сирек. Бір үйдің 4 ұлы қатарынан аймақтық дәрежелі атағына қол жеткізген күллі Моңголия тарихында жалғыз жетістік болса, одан кейінгі рекорд Моңғолия қазақтарына тиесілі. Моңғол жұртына танымал болған аты аңызға айналған алып күш иелері аймақтық арыстан Борбан, Әзікей, Нәжікей туралы талай реткі мақала жазбалар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған еді. Ағайынды үш арыс тек ғана балуан спортымен шұғылданып ғана қоймай қоғамның әр саласында қызмет атқарып, Моңғолия қазақтарының мақтанышы болып келді.

Әзікей көп жылдары Сауда, дайындық басқару басқармасының атқарушы директоры болып қызмет атқарса, Нәжікей 24 жыл мұғалім болып білім саласында шәкірт тәрбиеледі. Ал Борбан Баян-Өлгейдің Су шаруашылық саласында 40 жылдан астам қызмет атқарды.

Бүгіндері ел сыйлаған азаматтардың ұрпақтары Моңғолияның ат төбеліндей аз қазағының құтты мекені болған Баян-Өлгий аймағында және Улаанбаатар қаласы мен Қазақстан Республикасында тіршілік етуде. Текті аталардың ізін жалғаған қай ұрпағы да ізгілік жолынан ауытқымай көршілес қоныстанған қос елдің әр саласында табысты кәсіппен айналысып, қос мемлекетте белсенді қызмет атқаруда.

Біздің айтпағымыз Нәжікейұлы Тілеухан жайлы болмақ. Тілеухан жастайынан оқу мен білімге деген ерекше талпынысымен өз қатарластарының өкілі ретінде ел экономикасы мен саясатына ерте ат салысты. Атадан алған өнеге, білімі мен біліктілігін ұштастырып, ел алдындағы адал қызметінің нәтижесінде бүгінгі таңда Баян-Өлгий аймағының ел астанасындағы «Жерлестер алқасының» төрағасы лауазымын атқаруда. Нәжікейұлы Тілеухан Баян-Өлгий аймағының беделді жас бизнесмендерінің бірі және саясатта да танылған азаматтардың бірі.

Биыл Моңғолия Парламентінің кезекті сайлауын өткізу жоспарлануда. Жалпы Парламентке ұсынылатын 76 орынның 3 орыны Моңғолия қазақтарына тиесілі болып саналады. Яғни Моңғолияның ат төбеліндей қазағының мүддесі үшін қызмет етіп, көшін бастайтын, үкіметке қандастарымыздың мұң мұқтажын жеткізу, сонымен қоса аймақтағы түйткілді мәселелердің жолын табу да осы ретте сайланатын үш депутаттың еншісінде болмақ.

Қазіргі заман талабына сай қай елде болмасын білімді жастарға мүмкіндік беріп, жас буынның билік басына келуіне жол ашуда. Моңғолияның Прьемер министрі Ухнаагийн Хүрэлсүх биылғы сайлаудың өзгешелегін айта келе, «білімді жастардың біріккен үлкен саяси күш фракция»-сымен қатысатынын жариялаған еді. Жастардың осы саяси фракциясындағы беделі жоғары жастарымыздың бірі Нәжікейүлы Тілеухан болып отыр. Сондықтан да Монғолияның Баян-өлгий аймағында тұратын қазақ халқы осы жолғы сайлауда жас буынды қолдайтынын, яки оның ішінде Нәжкейұлы Тілеуханның атын бір ауыздан парламент депутатына ұсынуды қолдап отыр.


Нәжкейұлы Тілеухан.

Тектіден текті туар, тектілік тұқым қуар деген осы болса керек. Кезінде ағайынды үш арыс білегімен барша моңғол жұртын таң қалдырса, бүгіндері тұқым қуған текті ұрпақтары өз біліктілігімен моңғол жұртына танылып, қазақ қандастарымыздың мерейін асыру жолында ат салысуда.

Өзге елде тіршілік етіп, өзге ұлт өкілдеріне танылу, өз білімі мен біліктілігін мойындату кез келген адамның қолынан келе бермейтіні анық. Ендеше осындай қазақтың мерейін өсіріп, құндылығын сақтайтын текті азаматтарымыз көп болсын және жастарымыз аман болсын дей отырып бір ауыздан саясат төрінен Тілеухандай азаматымызды көру үшін ел болып қолдайды деп сенеміз.

Қашанда ағайынның мүддесін қорғап, атақ абыройын жоғары көтеріп жүрген бауырымызға ақ жол тілейміз. Жас келсе іске! Ел үшін атқарар ісің берекелі болғай.

Қазақстан Республикасындағы барша қандастар атынан Нұртай Қонайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
22 қыркүйек 2023, 09:12
Күрес түрлері
© Жәмила Бақбергенова ӘЧ-де жүлде жеңіп алды

Жарнама

Жарнама