auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Белбеумен бетінен сабай бастады". Денис Тенді өлтірудің мән-жайы ашылды

"Белбеумен бетінен сабай бастады". Денис Тенді өлтірудің мән-жайы ашылды
Нұралы Қиясов Денис Тенге пышақ ұрған. Бұл туралы Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты басты сот процесі кезінде айтылды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушыл Қуандық Досов оқиғаның қалай өрбігенін толықтай айтып берді.

"2018 жылы маусымда бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатымен сотталушы Құдайбергенов Шагабутдинов Шевченко көшелерінің қиылысында тұрған Жаңқабаевтың Lexus көлігінің айнасын алып кеткен. Осылайша оған 608 мың теңге көлемінде шығын келтірді. Өзінің қылмысын жасыру мақсатында ол айналарды Шаңырақтағы сайға лақтырып кеткен.

Сонымен қатар, Құдайбергенов 11-шілдеде заңсыз жолмен ақша табу мақсатында Астанадағы күйші Дина көшесінде Шəмшиевтің көлігінің айнасын шешіп кеткен. Осыған байланысты Құдайбергеновке ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша айып тағылды.

Кейін Қиясов пен Толыбаева, Құдайбергенов үшеуі Магнум сауда үйінен ас үй пышағын, қолғап сатып алған. 19-шілде күні Құрманғазы көшесімен шығысқа қарай Байсейітова көшесіне қарай LEXUS 708 02 нөмірлі көлігінің тұрғанын байқаған. Олар көліктерін Достық қонақ үйінің қасына қалдырып, Теннің автокөлігіне қарай жаяу жақындаған. Толыбаева жан-жағына қарап, адамдардың қарасы азаюын, ыңғайлы сəтті күткен. Өз рөліне сəйкес көліктен 7 метр шығысқа қашықта бақылап тұрған.

Құдайбергенов сол сəтте көліктің айнасын шешіп алып, 199 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Сол сəтте Днис Тен Толыбаеваның қасынан байқаусызда өтіп кеткен. Денис Тен көлігінің қасындағы бөтен адамды көріп, айнасына жармаса кеткен. Құдайбергенов сол сəтте Байсейітова көшесіне қарай қаша жөнелген. Тен көп ұзамай оны қуып жеткен. Осы кезде Құдайбергенов пен Тен арасында төбелес басталып кетеді. Құдайбергенов шалбарының белбеуін алып Теннің бетінен ұра бастаған. Қиясов рюкзактан пышақты алып арт жағынан келген. Қиясов өздерінің қылмысын жасыру мақсатында адам өлтіру қылмыстық ой пиғылы пайда болған. Құдайбергенов Тенді ұстай тұрады. Сол кезде Қиясов Денис Теннің оң жақ санының артериясының жоғарғы тұсынан екі рет пышақ салды. Тен алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды", - деді мемлекеттік айыптаушы Қуандық Досов.

Іс бойынша айыпталушылар - Арман Құдайбергенов, Нұралы Қиясов және Жанар Толыбаева.

Арман Құдайбергенов өзіне тағылған айыптарды жартылай мойындады.

Арман Құдайбергеновке ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 2-тармағы, 192-бабы 2-бөлігі 1,4-тармақтары және 99-бабы 2-бөлігі 7,8-тармақтары бойынша айып тағылған. 

Нұралы Қиясовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі 1,4-тармақтары, 99-бабы 2-бөлігі 7,8-тармақтары бойынша айып тағылған. 

Жанар Толыбаеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігі 1-тармағы және 434-бабы бойынша айып тағылған.

Қылмыстық істің көлемі - 38 том.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/crime/sotta-denis-tenge-jasalgan-shabuyildyin-man-jayyi-aytyildyi-294651/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
18 шілде 2022, 16:33
Қысқы спорт
©olympic.kz Шорт-тректен бас бапкер ауысты

Жарнама

Жарнама