1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Қысқы Олимпиада
Кеше 16:02
 

Қазаақстандық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиадада жеке рекордын жаңартты

  Пікірлер

blog.share

Қазаақстандық мәнерлеп сырғанаушы Олимпиадада жеке рекордын жаңартты ©ҚР ҰОК/ Сали Сабиров

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында сайыстар аяқталды.

blog.share

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында сайыстар аяқталды.

Төртжылдықтың басты додасында Қазақстан намысын Софья Самоделкина қорғады.

Қысқа бағдарламадан кейін мәнерлеп сырғанаушы 12-орында тұрған еді. Еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шешімімен 138.99 ұпай жинады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша 207.46 ұпай еншілеп, жеке рекордын жаңартты. Нәтижесінде қазақстандық спортшы оныншы орынға ие болды.

Алиса Лью (АҚШ) 226.79 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынды Каори Сакамото (Жапония) иеленді - 224.90 ұпай. Ами Накаи (Жапония) 219.16 ұпаймен қола медальға ие болды.

Айта кетейік, ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Михаил Шайдоров Олимпиада чемпионы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!