auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қытай құрамасындағы қазақ конькиші

Қытайдағы Шыңжаң өңірінің қазағы Дәстүр Тұрсынжан Алматыда өтіп жатқан қысқы универсиаданың коньки жарысына қатысты.

 Қытай құрамасындағы қазақ конькиші
©Руслан Меделбек
Қытайдағы Шыңжаң өңірінің қазағы Дәстүр Тұрсынжан Алматыда өтіп жатқан қысқы универсиаданың коньки жарысына қатысты. Ол биыл Қытай чемпионатында үздік үштікке енген, деп жазады Аzattyq.org

21 жастағы Дәстүр Тұрсынжан Алматыдағы универсиадада конькимен 5000 метрге жүгіруден 7 минут 27 секунд уақыт көрсетіп, 17-орын алды. Ал командалық есепте Қытай құрамасы 4-орын иеленді. Спортшы Медеу мұз айдынында көрсеткен нәтижесіне көңілі толмайды.

- Қытайдың ішкі жарыстарында 5000 метрді жақсы жүгіргем (6 минут 52 секунд). Алматыға сол нәтижені көрсетемін деп келгенмін. Егер өз нәтижемді көрсеткенде үштікке енер едім. Бірақ бұл жарысқа бабым дұрыс болмай қалған сияқты, - дейді спортшы.

Қытайдағы жетістіктері

21 жастағы конькиші ұзақ қашықтықтарға жүгіруге машықтанғанын айтады. Биыл қаңтардың 19-ы мен 20-сы Харбинде өткен Қытай чемпионатында коньки көпсайысының қола медалін алған. Ал 2016 жылы желтоқсанда Харбиндегі Қытай кубогының екінші кезеңінде 5000 метрге жүгіруде - алтын, 1500 метрге жүгіруде күміс жүлде иеленген. Осы жетістігінен кейін ол Қытай жастар құрамасына еніп, Алматыдағы универсиадаға жолдама иеленген.



- Кубок - Қытайдағы екінші деңгейлі жарыс. Көбіне жас спортшылар қатысады. Қытай кубогында жеңіске жеткен соң жастар құрамасына шақырды. Ал биыл алғаш рет Қытай чемпионатында медаль алдым, - дейді ол.

Дәстүр коньки спортымен бала кезінен айналысатынын айтады. Қытайдағы ішкі жарыстарға 2010 жылдан бері қатысқан. Жасөсспірімдер арасындағы Қытай чемпионатының қола жүлдегері.

- Коньки жарыстарын теледидардан көп көрсететін. Содан қызыға бастадым. Оқушы кезден айналысып жүрмін. Негізінен Үрімшіде жаттығамын. Нәтиже бірден болмайды. Ақырындап барлығы келе жатыр. Келер жылы Қытай құрамасына еніп, әлем кубогы мен әлем чемпионатына, олимпиадаға қатысқым келеді, - дейді конькиші.

Дәстүр Тұрсынжан 2016 жылы Үрімшіде өткен Қытай қысқы ойындарына Шыңжаң құрамасы сапында қатысып, 1500 метрлік жарыстан 7-орын алғанын айтады.



- Қытайдың қысқы ойындары – елдегі өте беделді жарыс. Олимпиада сияқты төрт жылда бір рет өтеді. Оған қатысу - кез келген спортшының арманы. 2016 жылы Үрімшідегі ойындарға қатыстым. 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы олимпиадаға да қатысқым келеді, - дейді конькиші.

Дәстүрдің ата-анасы Шыңжаңда тұрады. Өзі Үрімші қаласындағы Шыңжаң спорт колледжінде жаттықтырушы мамандығы бойынша оқып жүр. Конькиші Алматыдағы жарыстан соң Үрімшіге оралып, дайындығын жалғастырмақ. Алдағы уақытта ол Қытай кубогының кезеңдеріне қатысады.

Бұл - Дәстүрдің Қазақстанға алғаш келуі. Келешекте ата-анасын алып келіп, тарихи отанын көрсеткісі келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар