auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Универсиада-2017 ашылу салтанаты өтті

Универсиада-2017 ашылу салтанаты өтті
Бүгін, 29 қаңтарда "Алматы Арена" мұз айдынында Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен XXVIII Халықаралық қысқы Универсиадасының ашылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ашылу салтанатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап еліміздің ұстанымы бірлік пен ынтымақтастық орнату, қауіпсіз болашаққа ұмтылыс болғанын атап өтті.

"Спорт, ғылым және мәдениет арқылы біз барлық құрлыққа тыныштық пен толерантты дамудың қазақстандық формуласын жеткізгіміз келеді. Сол үшін ұйымдастыру жұмыстары күн сайын қарқын алып, осы Мұз сарайы мен бұл ойындардың басқа да нысандары зор ықыласпен салынды", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Универсиада қаланың спорт инфрақұрылымын дамытудың өзіндік локомотивіне айналғанын атап өтті.

"Алматы қазірдің өзінде даусыз рекордтар көрсетіп отыр. Қысқы Универсиадалар тарихында алғаш рет мұнда Атлеттер қалашығы салынды. Бұл жобаға жұмсалған инвестиция қазақстандықтардың игілігіне қызмет ететін болады. Ареналар көпшілікті бұқаралық спортқа тартатын орталыққа айналады. Атлеттер қалашығы 1700-ден астам отбасыға арналған қолжетімді әлеуметтік тұрғын үйі бар жаңа шағын ауданды құрайды. Универсиада әлемнің 80 мемлекетінде 43 телеарна арқылы көрсетіледі. Оның аудиториясы бір миллиардтан астам адамды қамтиды. Универсиаданың қанатын кеңге жайғанын, өзінің басталуының тарихи сәтіне дайын екенін көріп отырмыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Салтанатты шарада мәдени-ойын-сауық бөлімдері бар. Шара 2 сағат 40 минутқа жалғасады. Универсиаданы өткізген елдердің туларын Ұлттық ұланның офицерлері халықаралық конкурстардың жеңімпаз балаларымен бірге алып шықты. Олар Қазақстан Республикасының әнұранын орындады.

12 мың орындық "Алматы-Арена" мұз сарайының орталығы өмірдің, даналықтың және махаббаттың символы іспетті жапырақтармен көмкерілген.

Ашылу барысында құрама командаларының дәстүрлі шеруі өтеді. Шеру кезінде 57 елдің делегациясы жүріп өтеді. Қазақстандық құраманың ту ұстаушысы - шаңғышы Дәулет Рахымбаев.

Спортшылардың атынан адал тартыс қамтамасыз етуге ант беретін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы - Айза Иманбек. FISU туын спортшылар Василий Подкорытов, Данияр Елеусінов, Әділет Даулумбаев, Динара Сәдуақасова, Екатерина Айдова, Мариани Урдабаева ұстайды.

Жалпы шараға 1,5 әртіс қатысады: олардың ішінде опера және эстрада әншілері, цирк гимнасттары, спорт мектептерінің мәнерлеп сырғанаушылары, би ұжымдары, Алматы театрларының актерлері және басқалар.

Еске салайық, 25 қаңтарда Қазақстанда Эстафета алауы бастау алған. Факелды алып жүру рәсімі Астанада 25 қаңтарда басталды. Спорт ойындарының бастамасы болып қалыптасқан от алып жүру рәсімі еліміздің барлық өңірінде өткізілді. Соңында алау Алматыға жеткізіліп, Алматы Аренада салтанатты ашылу рәсімінде жағылды. XXVIII Халықаралық қысқы Универсиада ресми түрде ашылу салтанаты 29 қаңтарда сағат 19:00-де басталады. Қазақстанның атынан спорттың 12 түрінен 171 спортшы қатысады.

Универсиаданың толық күнделігіy мына жерден көре аласыз. Сонымен қатар, спорттық нысандарға автобус арқылы қалай жетуге болатыны туралы да мына жерде жазылған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
30 наурыз 2017, 18:28
Универсиада
Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі

Жарнама

Жарнама